26 Қар 2020
Страницы KZ "Қарашатау жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

Мұғалімдер саны: 38

Оқушылар саны: 231

Арнайы кабинеттер: Химия, физика, биология, тігін шеберханасы, ағаш жону шеберханасы, темір жону шеберханасы, информатика, лингафон кабинеттері.

Асхана: бар

Спортзал: бар

 

Мектеп тарихы

Қарашатау орта мектебінің тарихы 1942-жылы Сайқұдық бастауыш мектебі болып құрылуынан басталған. 1957-1960 жылдары 7 жылдық, 1961-1966  жылдары негізгі мектеп, 1967-жылдан бастап Қарашатау орта мектебі болып құрылды. 1970-жылы типтік жобамен салынған жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Бұл ғимаратта 2009-жылға дейін білім берілді. 2009-жылдан бастап, 320 орындық жаңа ғимарат заманауи жабдықтармен жабдықталып, Құмқұдық ауылының балаларына білім нәрін беруде.

Бұл мектепте О.Мырзабаев, Л.Нұрғалиев, М.Матаев сынды Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҚР білім беру ісінің үздіктері, әр түрлі республикалық деңгейдегі марапаттардың иегерлері Қ.Қонтаев, К.Айсауыт, К.Махамбетияров, Ж.Ибрагимова, Ү.Бертазина, А.Шакуова, С.Баубеков сияқты мұғалімдер қызмет етті.  Мектепте «Облыстың ең үздік» мұғалімі атанған  А.Умирзакова, А.Биханова, Р.Абдрахманова, А.Жакибаева, М.Акмурзина, Г Есмағамбетова мұғалімдер бар.

Республикалық  мемлекеттік кәсіпорын Кен-металлургия өндірісіндегі минералды шикізатты кешенді өңдеу Ұлттық орталығында Бас директордың орынбасары қызметін атқаратын - М.Т.Айсауыт, педагогика ғылымдарының докторы, профессор- С.Ғ.Тәжібева, заң ғылымдарының докторы,доцент-Е.Қ.Қаржаубаев, «Айгерім» клиникасының бөлім меңгерушісі-М.С.Сутемгенова, Шымкент қаласындағы №4 поликлиникада бөлім меңгерушісі-Д.А.Қарабалина, Алматы облыстық ішкі істер департаментіне қарасты т/п «Қорғас» бөлім бастығы-Т.Бертазин,   Құмқұдық селолық округінің әкімі-А.Ж.Умирзакова, Талдысай орта мектебінің директоры-С.Б.Биртаева, Алға аудандық сотының төрағасы-Н.С.Биханова, Мәскеу Халықаралық-гуманитарлық лингвистикалық университетінің студенті,Ресейдегі қазақ жастарының арасындағы қоғамдық істердің ұйтқысы-Ә.Б.Шуриева, Қазақ күресінен спорт шеберлері: Р.Б.Альменов, Н.Т.Шортанбаев, А.К.Әбілқаев, М.К.Айнадинов сияқты көптеген түлектеріміз мектептің мақтанышы.