10 Желт 2020
Страницы "Қарашатау жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Басшылық

Қарашатау ЖОББ мектебі

Мектеп директоры: Биханова Акжаркын Орынбековна

 

Жұмыс телефоны: 8 713 39 42 229

 

Электронды поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Қысқыша өмірбаяны

 

Биханова Акжаркын Орынбековна 1977 жылы 22-қаңтарда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылында дүниеге келген.

 

Бала кезімнен мұғалім болуды армандайтынмын. Мектепке ерте  барып оқып жүрдім. Мектеп қабырғасында ұстаздар қауымының  тұлғалары  әлі күнге дейін көз алдымда. Байсалды, сабырлы мінездерімен сан  ғалымның  көкжиегіне жетелеген  қадірлі тұлғалар менің бала арманыма  қанат  бітірді.

            Сол мақсатпен мен педагогикалық университетті бітіріп, еңбек жолымды Қарашатау орта мектебінен бастадым. Содан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген даналық ой қайдан тауып  айтылды десеңші.   

            Жас маман ретінде мектепте жұмыс жасайтын көп жылдық іс-тәжірибесі бар мұғалімдерден үйренгенім көп болды.

            Аудан, облыс , республика көлемінде шығармашылығымен танылған оқушыларды бүгінгі таңда  мақтан етіп айта аламын.  ҰБТ-те оқушылардың жақсы нәтижелерінде көрсете білдік.

            Осындай жетістіктерді ата-аналардың  мұғалімге деген сенімінің арқасында келген жетістік деп білемін. Аудан орталығында 2004 жылы өткізген «Жыл мұғалімі -2014» байқауында бас жүлдені иелендім.

            Аудан, облыс, республика көлеміндегі мақтау, алғыс хаттары тынымсыз еңбектің арқасы деп білемін.

            Мейлі жас, мейлі кәрі бол, оқушы сені дана деп,  пана деп ұғатындай болуың керек. Сонда ғана оқушының болашағы жарқын, мұғалімнің мәртебесі биік болады.

            Мен ұстаздық жолда жүргенімді бақ  деп санаймын және мақтан етемін...

            Менің мақсатым: ертеңгі күні әр бала саналы тәрбие мен сапалы білімнің арқасында кемелі кең еліміздің  мықты азаматы болу.

Марапаттары:

 

1.2019 ж Ақтөбе облыстық ҒТО «Алғыс хат»

2.2019ж.Ақтөбе қаласы «O/brain», «Алғыс хат»

3.2019 ж.Нұр-Сұлтан  ҚР БҒМ  «Құрмет грмотасы»

4.2019 ж Республикалық ТИО оқушыларды қатыстырғаны үшін «Алғыс хат»

5.2019 ж.Облыстық ББ «Алғыс хат»

6.2020 ж. «Құрмет грамотасы»Облыстық кәсіподақ ұйымы.

7.2020ж. «Ғұмыр дария» Республикалық байқау.