13 Мамыр 2022
Страницы "Қарашатау жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мұражай


“Туған өлке тарихын танытуды мектеп қабырғасынан бастау керек”

Құмқұдық ауылы, Қарашатау ЖОББ мектебі басшысының, түлектерінің ортақ ойы осындай болып, оқу ордасының жанынан кішігірім мұражайды ашуды ұйғарды. Осы орайда, ауылдың патриот азаматтары бастаманы қолдап, өз туған жерінде мұражайдың ашылуына демеушілік жасады. Орынды бастаманың арқасында шәкірттер өлкенің өткен өмірі мен тамыры терең тартқан тарихымен жіті танысуға мол мүмкіндік алды. Мұражайға ауыл тарихынан сыр шертетін ұлттық болмысты танытатын көне жәдігерлер қойылған.

Білімге жаққан сәулелерін сөндірмей, жастарға үлгі ету мақсатында, аталғанбілім ордасында ғұмырын ұстаздыққа арнаған тұлғалар туралы ақпараттар қойылған.

Мұражайдың ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен мерекеге айналды. Ұлы Жеңіс мерекесімен және Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мұражайдың ашылуы кезінде, Қарашатау орта мектебінің 2007 жылғы түлектері ауылда барлық жастардың басын қосқан дәстүрлі спартакиада ұйымдастырды. Ауылдағы ағайындысерпілтіп, ересектер мен жастардың басын бір ортаға тоғыстырған додада жастар шағын футбол, волейбол, гір көтеру, үстел теннисі, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. Шара соңында барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар мектеп әкімшілігі ұйымдастырған мерекелік концерт соңында марапатталды.

Білім ордасынан түлеп ұшқан түлектердің атсалысуымен бой көтерген мұражайдың келер ұрпаққа берері мол.